2019-2022 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН КОЛЛЕДЖДІҢ САПА САЛАСЫНДАҒЫ САЯСАТЫ
Колледждің миссиясы – жаңа әлемдегі Қазақстан Республикасының өндірістік әлеуеті мен экономика деңгейін арттыруға қабілетті, жеке қасиеттері мен кәсіби деңгейі жоғары дамыған, орта буындағы бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.
Колледждің стратегиялық мақсаты – бәсекеге қабілетті білікті мамандар дайындау, материалды-техникалық базаны заман талабына сай жабдықтау, облыс көлемінде жоғары жетістіктерге жету, инженер-педагог кадрлардың біліктілігін арттыру, колледж және білім алушылар арасындағы байланысты нығайту, оқу-тәрбие жұмыстарында озық тәжірибелер мен инновациялық технологияларды қолдану.
Колледждің негізгі жетістіктері нәтижесін келесі міндеттер бойынша қамтамасыз ету:
- Колледж мен білім алушылар арасындағы байланысты нығайту, оқу-тәрбие жұмыстарында озық тәжірибелер мен инновациялық технологияларды қолдану.
- Заман талабына сай материалдық-техникалық базаның дамуын қамтамасыз ету.
- Білім беруді мемлекеттік стандарттарға сәйкес білім алушыларға жоғары деңгейде сапалы инновациялық технологиялық әдістерді енгізе отырып, бәсекеге қабілетті сапалы маман дайындау;
- Әлеуметтік серіктестіктермен тығыз байланыс орнату, кәсіптік білім бағдарламасына сәйкес өндірістік базаны жұмыс берушілермен бірге қалыптастыру;
- Колледждің инженерлік-педагогикалық кадрларының біліктілігін үнемі арттырып отыруға, кәсіптік ғылыми-әдістемелік жұмыстары мен эксперементтік әрекеттерін мақсатты түрде қолдауға, сапалы білім қызметін қалыптастыруға, оның жанданып дамуына жағдай жасау;
- Оқытушылар мен білім алушылар арасында ғылыми-әдістемелік, эксперименталдік зерттеулер, жаңа, тиімді озық технологияларды енгізу жұмыстарын қатыстыру;
- Тәуелсіз біліктілікті бағалау тестері нәтежиесінің көрсеткіштерін көтеру, бітірушілердің кәсіптік дайындық деңгейін жақсарту;
- Әдістемелік бірлестіктер жұмысын жоғары деңгейге жеткізетін басқару жүйесін қалыптастыру.
Жоғары басшылық міндеттейді:
- Колледж басшылығы тарапынан орындалған жұмыстарға сараптама жасап, жақсы жетістіктерге жеткен қызметкерлерді ынталандырып отыру, жүйелі түрде түзету әрекеттерін уақтылы жасау, сапа менеджмент жүйесін жаңғырту;
- Облыс және республика көлемінде сапалы жетістіктерге жету;
- Білім алушылардың білім сапасын көтеру;
- Колледж қызметкерлерінің ынтасын көтеру, жауапкершілігін арттыру, ішкі тәртіпті қатаң сақтауын қамтамасыз ету;
- Әлеументтік серіктестіктермен тығыз байланыста болу, тұтынушылардың талабын орындау;
Колледж әкімшілігі сапа менджмент жүйесі бойынша колледж саясаттың орындалуын, білім беру саласындағы мемлекеттік заңдардың, талаптардың және қағидалардың орындауын, қажетті мәліметтерді дер кезінде қызметкерлерге жеткізуін өз міндетіне алады.