Біздің жетістіктеріміз

        Білім алушылардың жеткен жеке жетістіктері (облыстық, республикалық олимпиадаларда немесе спорттық жарыстарда)

  WorldSkills Kazakchtan – 2018 өңіраралық чемпионатында «Үздік кәсіп иесі» көрмесінде инновациялық жобасымен ерекшеленіп Ходов Владимир, Пятков Денис I орын дипломымен марапатталынды.

WorldSkills Kazakchtan – 2018  ұлттық чемпионатына «Дәнекерлеу технологиясы» құзыреттілігі бойынша Эшметов Русланбек IV орыннан көрінді.

«WorldSkills Kazakhstan – 2021» Ұлттық чемпионатында Әшірбай Нұрболат Жақсыбайұлы «Дәнекерлеу технологиялары» құзыреттілігі бойынша медальонға ие болды.

«WorldSkills Shymkent – 2022» аймақтық чемпионатында Әшірбай Нұрболат Жақсыбайұлы «Дәнекерлеу технологиялары» құзыреттілігі бойынша, Шарипбаев  Валихан  Тоқынович «СББ бар станоктардағы токарлық жұмыстар» құзыреттілігі бойынша, Изотов Никита Сергеевич «Жүк көлігіне қызмет көрсету» құзыреттілігі бойынша, Баймұратұлы Қуаныш  «Өндірістік механика және монтаждау» құзыреттілігі бойынша, Тілеухан Мерей Ерназарұлы «Сандық бағдарламамен басқарылатын фрезерлік жұмыстар» құзыреттілігі бойынша, Салқамбек Нұрәділ Абайұлы  «Графикалық дизайн» құзыреттілігі бойынша жүлделі І-орынға, Абутов Сардор Икрамжанович «Автокөлікті бояу» құзыреттілігі бойынша,  Колчин  Константин  Вальерович «Өндірістік автоматика» құзыреттілігі бойынша, Айсәуле Тойшыбекқызы «Өндірістік механика және монтаждау» құзыреттілігі бойынша жүлделі ІІ-орынға, Юсвалыев Ойбек Садылаевич «Шанақты жөндеу» құзыреттілігі бойынша, Хидиралиев Розмат Адхамбекович «Электромонтаждау ісі» құзыреттілігі бойынша жүлделі ІІІ-орынға ие болды.

 

        «ҚР Колледждерінің ТОП 100 үздік студенті» Республикалық конкурс жобасында 2-курс студенті Амзебек Айқаным Жапалқызы ТОП 100 үздік студенті жеңімпазы атанды.

       Сисенбаев Уалихан Сабитұлы «Елбасы Академиясы» Корпоративтік қорының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінің 9-11 сынып оқушылары мен колледж студенттері арасында Қазақстанның жаңа тарихы бойынша «Тәуелсіздік дәуірі» олимпиадасының іріктеу кезеңінен өтіп, Астанада өтетін финалдық турға қатысуға мүмкіндік алды.

     Худяков Андрей Оңтүстік Кореяның Чханвон қаласында өткен нысана атудан Әлем чемпионатының қола жүлдегері.

     Спорт шебері Аликулов Тимур велоспорттан Азия чемпионатының қола жүлдегері, Батырханов Илхомжан дойбыдан Қазақстан және Азия чемпионы.

     2021 жылы Абдирайымов Ерасыл Әмбебап жекпе-жектен екі дүркін  Әлем чемпионы атағын жеңіп алды.

   

      Білім берушілердің саны, олардың жеткен жетістіктері

Колледжде бүгінгі күні 161 педагог жұмыс жасауда. Оның ішінде ғылым докторы-1, ғылым кандидаты-1, 30 ғылым магистрлері және 19 жоғарғы санатты, 14 педагог-зерттеуші, 7 бірінші санатты, 20 педагог-сарапшы,16 екінші санатты, 22  педагог-модератор  инженер педагогтар дәріс береді.

Колледж оқытушылары озық шығармашылық жұмыстарымен республикалық және облыстық деңгейдегі жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болуда. Атап айтатын болсақ:

     Петренко  Светлана Геннадьевна- Республикалық «Туған жерге туыңды тік» атты байқауға қатысып, І дәрежелі дипломмен марапатталды.

    Төлебек Бектас- Ахмет Байтұрсыновтың  145 жылдық мерейтойына ұйымдастырылған «Ұлт ұстазы» байқауына қатысып  І дәрежелі диплом мен төс белгі және  Республикалық «Рухани жаңғырудың білім беру саласындағы өзектілігі» атты ғылыми жобалар байқауында «Талаптан да өнер мен білім үйрен» номинациясы бойынша  жүлделі ІІ орын иеленді. Шымкент қаласы әкімінің “Үздік жастар премиясы – 2018” байқауының “Үздік мұғалім” номинациясының жеңімпазы.

    Хаджиев Равшан Хамитулы «Үздік өндірістік оқыту шебері-2017 жыл»                               І дәрежелі диплом, «Заманауи сабақ»    ІV Республикалық  педагогикалық  шеберлік  байқауы І дәрежелі дипломмен марапатталған.

     2022 жылы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының «Педагогикалық идеялар панорамасы» Республикалық байқауында өндірістік оқыту шебері, педагог-зерттеуші Куралова Алуа Курманбекқызы «Өндірістік оқыту шеберлері» аталымы бойынша жүлделі 1 орынды иемденді.

   «Үздік педагог»  байқауларында:

«Үздік педагог-2015» республикалық байқауының бас жүлде иегері Нұрмағанбетов Бауыржан Дүйсенбайұлы,

«Үздік педагог-2016» республикалық байқауының бас жүлде иегері Есмаханов Адильбек Жанадилович,

«Үздік педагог-2017» облыстық байқауының  бас жүлде Туреева Айгерим Кулмаханбетовна,

«Үздік колледж оқытушысы-18» облыстық байқауында жүлделі І –  орын          Ниязов   Марат Абдужаппарович,

 «Үздік педагог – 2020» қалалық байқауының бас жүлде иегері Досова Айнур Сакенқызы,

 «Үздік педагог – 2021» қалалық байқауының бас жүлде иегері Зайцева Светлана Васильевна,

 «Үздік педагог – 2022» қалалық байқауының бас жүлде иегері Куралова Алуа Курманбековна.