Біз туралы
Шымкент қаласы, Білім басқармасы, Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы
"Индустриалды-техникалық колледжі" МКҚК
Индустриалды-техникалық колледжі 1942 жылы құрылып, ұзақ жылдар бойы алдыңғы қатарлы үздік оқу орындарының бірі болып табылады.
Өңірімізде аталған техникалық колледждің болуы — жергілікті халықтың барлық санаттары үшін автомобиль көлігі, компьютерлік технологиялар, токарь және дәнекерлеу ісі, электромеханикалық құралдар және автоматика салаларында білім алуға мүмкіндік береді, және бұл кәсіп иелері қазіргі таңда еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар болып табылады.
Индустриалды-техникалық колледжінің тарихы Шымкент қаласының тарихи мәдениетімен, білім беру жүйесімен тығыз байланысты. Колледж өз дамуын оңтүстік өңіріміздегі өнеркәсіп орындарының дамуымен тығыз байланыстырады. Өз жұмысын бастаған кезеңінен бастап бұл оқу орны, қазіргі таңға дейін өңір өндірісінің түрлі салаларында жұмыс жасайтын қырық бес мыңнан астам жұмысшы мамандарды даярлап шығарған.
Халықтың әл-ауқатының арттыру білімге деген сұранысты арттыратындығы сөзсіз. Жұмыс берушілердің орта буын жұмысшы мамандарына деген қажеттілігінің артуы — техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының сапалы қызметтеріне сұранысты да арттырады. Осылайша, орта білім беру жүйесі колледждің белсенді дамуына ықпалын тигізетіндігі сөзсіз екендігі баршаға мәлім.
Колледж қыз меткерлерімен студенттер саны:
"Шымкент Индустриалды-техникалық колледжінің мүмкіндіктері:
Әлеуметтік серіктестер
«Индустриалды – техникалық колледжі» қазіргі таңда жұмыс жасап жатқан әлеуметтік серіктестермен белсенді ынтымақтық жұмыстарын жүргізеді және өзара іс-қимыл әрекеттері күннен-күнге жақсару үстінде: Атап айтар болсақ, колледжіміздің әлеуметтік серіктестіктері «Альянс — сталь Пром» ЖШС, «КЕММ-2030» ЖШС, «Казмедприбор» ЖШС және т. б. студенттердің оқу-өндірістік тәжірибеден өтуі, сондай-ақ «Ансар-Металл» ЖШС, «Электроаппарат» ЖШС, «Химторгстрой» ЖШС, «АйСервис Транс» ЖШС және т. б. Сонымен қатар кәсіпорындарда бітіруші түлектерімізді жұмысқа орналастыру туралы келісім-шарттар жасалып, қазіргі таңда іске асырылуда.
Материалдық-техникалық базасы.
Болашақ мамандарды даярлауда сапа көрсеткіштерінің бірі — кез келген білім беру мекемесінің мақтанышы — ол материалдық-техникалық базасы.
Барлық дәрісханалар, зертханалар мен шеберханалар заманауи оқу құралдарымен, зертханалық стендтермен, сонымен қатар оқытушылардың зияткерлік еңбек өнімдерімен жабдықталған. Колледж түрлі өңірлік, облыстық, республикалық және халықаралық сайыстарға және «WorldSkills Kazakhstan» Ұлттық чемпионатына белсенді қатысады.
инженер-педагог қызметкерлер құрамы
Индустриалды-техникалық колледжінің ұжымын өз кәсібінің іскер маманы, жоғарғы шығармашылық әлеуеті бар, білім беру жүйесін жүзеге асыратын, және оқу, тәрбие, әлеуметтік-гуманитарлық қызметтерді барша атқаратын, жаңаша білім алуға ұмтылатын жоғары білікті мамандар деп атауға болады. Болашақ мамандарды даярлауда колледжімізде 130 инженер-педагог қызмет етеді.