Мемлекеттік ту

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туының авторы – суретшi Шәкен Ниязбеков. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы — ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың көгілдір біртүстілігі, аспанның бұлтсыз таза күмбезін еске түсіріп, Қазақстан халқының бірігудің жоғары және игілікті идеясына бейімділігін бейнелейді. Мемлекеттік жалаудың көгілдір аясы, Қазақстан халқының жаңа мемлекет құруға ұмтылу ниетінің тазалығы мен көтеріңкілігін көрсетуге шақырады. Өз сәулесіне шомылған алтын Күн, тыныштық пен байлықты білдіреді. Күннен тарайтын шапақтардың саны – 32. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туындағы дала бүркіті қазақтардың жомарттығы мен қырағылығын, пейілінің биіктігін танытады. Тудың енi ұзындығының жартысына тең: 1:2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын дайындау ҚР СТ 988-2007 мемлекеттік стандарты бойынша орындалады. Мемлекеттік туды жасап шығару арнайы қызмет болғандықтан, лицензияның болуын талап етеді. Мемлекеттік туды пайдалану тәртібі және Мемлекетті тудың бейнесін пайдалану ережелер «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» заңында бекітілген.