Мансап орталығы

1. Жалпы ережелер

Мансапты дамыту орталығы (бұдан әрі – МДО) – Шымкент қаласы білім басқармасының «Индустриалды-техникалық колледжі» МКҚК құрылымдық бөлімшесі, колледж студенттері мен түлектерінің жеке тұлғалық, білімділік, кәсіби құзыреттерін қалыптастыруға және дамытуға ықпал етеді. Кәсіптік бағдарлау жұмысын үйлестіреді, білім беру қызметтерінің маркетингін жүргізеді, колледждің оң имиджін қалыптастырады, жұртшылықпен, мемлекеттік билік органдарымен және жергілікті атқарушы органдармен байланысты ұйымдастырады, колледж түлектерін жұмысқа орналастыруға көмек көрсетеді.

Мансапты дамыту орталығының қызметкерлері жоғары білімі бар тұлғалар арасынан колледж директорының бұйрығымен тағайындалады.

Мансапты дамыту орталығының қызметі колледждің Индустриалды кеңесінде қарастырылады.

Құрылымдық бөлімшені қайта ұйымдастыру, тарату жұмыстары колледждің Индустриалдық кеңесінің шешімі бойынша директордың бұйрығымен жүргізіледі.

Орталық қызметінің құрылымы мен тәртібі МДО-ға жүктелген міндеттерге сәйкес әзірленеді және колледж директорының бұйрығымен бекітіледі.

Орталық өз қызметін жүзеге асыру кезінде келесі нормативтік құжаттарды басшылыққа алуы тиіс:

— 2011 жылғы 24 қазандағы Қазақстан Республикасының № 487-IV «Білім туралы» Заңы;

— ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрықтары және өкімдері;

— Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрықтары және өкімдері;

— Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бұйрықтары және өкімдері;

— Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы;

— Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;

— Кәсіптік стандарт «Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу» (Жұмыспен қамту орталығы) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 714 бұйрығы;

— Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары;

— Индустриалдық кеңестің шешімдері;

— қызмет бағыттары бойынша колледждің жұмыс жоспарлары;

— Мансапты дамыту орталығының жоспарлары.

МДО жұмысының мақсаттары мен міндеттері:

Орталық жұмысының мақсаты:  колледж студенттері мен түлектерін кәсіби-біліктілік және әлеуметтік ілгерілету траекториясын зерделеу, колледж студенттері мен түлектерінің тұлғалық өсуіне жағдай жасау, колледж түлектерінің еңбек нарығында ұтқырлығын, бәсекеге қабілеттілігін арттыру, әлеуметтік әріптестік шеңберін кеңейту және «мектеп-колледж-жұмыс беруші» жүйесін жетілдіру.

        Орталықтың міндеттері:

  • техникалық бейіндегі мамандықтардың өңірлік нарығындағы сұраныс пен ұсынысты зерделеу;
  • колледж түлектеріне, талапкерлеріне, мектеп оқушыларына кәсіби бағдар, кеңес беру қызметтерін көрсету;
  • болашақ мамандарды аймақтық мақсатты даярлауды жетілдіру және тағылымдамалық практиканы өткізу сапасын арттыру мақсатында колледж түлектеріне әлеуметтік тұрғыдан көмек көрсету туралы зерттеулер жүргізу;
  • әлеуметтік әріптестік шеңберін кеңейту мақсатында әртүрлі құқықтық меншік нысанындағы мекемелермен шарттық қатынастарды қалыптастыру бойынша жұмысты жандандыру;
  • колледж бен атқарушы билік органдарының, білім беру мекемелерінің, өндірістік кәсіпорындардың өзара іс-қимылының әлеуметтік-экономикалық аспектілерін өзектендіру.

2. Орталық жұмысының бағыттары мен нысандары

2.1. Колледж түлектеріне еңбек нарығы бойынша кәсіби бағдар беру.

2.2. Жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілердің деректер базасын қалыптастыру.

2.3. Студенттер үшін уақытша және тұрақты жұмыс орындарын іздеу

2.4. Колледж түлектерінің мекемелер, ұйымдар мен кәсіпорындардың кадр қызметтерімен ақпараттық-іскерлік кездесулерін ұйымдастыру.

2.5. Колледж студенттеріне жұмысқа орналасу, жеке тұлғалық даму, сондай-ақ кәсіби түйіндеме жасау бойынша кеңес беруді ұйымдастыру.

2.6. Колледж түлектеріне жұмысқа орналасу бойынша ұсыныстар әзірлеу.

2.7. Ақпараттық және жарнамалық қызметті жүргізу.

3. Орталық жұмысының бағыттарын іске асыру

3.1. Орталықтың жобаларын, жұмыс жоспарларын іске асыру жалпы орта білім беретін мектептерде, өндірістік кәсіпорындарда және әртүрлі меншік нысанындағы ұйымдарда жүргізіледі.

3.2. Колледж түлектерін кәсіптік бағдарлау жұмысын жүргізу және жұмысқа орналастыру жөніндегі бағыт жүйесін іске асыруға МДО жетекшілік етеді.

3.3 Орталық қызметін ақпараттық қамтамасыз ету полиграфиялық және жарнамалық өнімдерді әзірлеу мен басып шығаруды қамтиды.

4. Орталықтың әлеуметтік серіктестері

         07161300 — Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану мамандығы:

«Абико» ЖШС, «НҰР-2050» ЖШС, «Эм групп Инвест» ЖШС, «Мерей ЛТД» ЖШС, «Камаз евро сервис» ЖШС, «Ман-оңтүстік» ЖШС, ТОО «MERCUR AVTO» ЖШС, ТОО «НҰР-Қуаныш» ЖШС, «Amir Amze» ЖШС, «Arlen комплект» ЖШС, «Asia service technology» ЖШС, «ASIAORGSERVICE» ЖШС, «AutoMarket» ЖШС, «AvtoDetail» ЖШС, «Azala Textile» ЖШС,                         «Car Service» ЖШС, «ENERGO-M» ЖШС, «Komandor Group» ЖШС, «M.A. Trading» ЖШС, «Mobil-1» ЖШС, «NTS Company», «OSGroup» ЖШС, «RTB — СЕРВИС ЦЕНТР» ЖШС, «Tio Trade» ЖШС, «Turan jer» ЖШС, «Yug Stroyservis» ЖШС, «Азамат-Мұнай» ЖШС, «Айгерім» сауда үйі» ӨК, «Айдар» ШҚ, «Айтубай» ШҚ»Асыл» ЖШС, , «Бірінші Мамыр» ӨК, «Болатбек» ШҚ, «Болашақ Нұры» АШӨК, «Болтай» ЖШС, «ВЕК-снаб-строй» ЖШС, «Вираж Сервис» ЖШС «ГазМэн» ЖШС, «ГарантСтройЛаб» ЖШС, «Группа Компании ХАК» ЖШС, «Дархан» ӨК, «Елтай» ШҚ, «Жен-си» ӨК, «Каз Гранд Строй» ЖШС, «Карат» фирмасы» ЖШС, «Кибай» ШҚ, «Комета плюс» ЖШС, «Күлтөбе СШС» ЖШС, «Қанат» ШҚ, «Қожагелді Самғау» АШӨК, «Лада Сервис» ЖШС, «Мерей ЛТД» ЖШС, «Мэлс» ШҚ,  «НТЦ РадиоКом» ЖШС, «Омар» ШҚ, ,»Пиркс» ЖШС, «Рауан» ЖШС, «Рузметов» ЖШС,  «Саин» ЖШС, «СВС-ЮГ» ЖШС, «Севинч авто» ЖШС, «Строй металлоконструкций» ЖШС, «Халал Кассаб» ЖШС, «Халид» ЖШС, «Шдас» ЖШС, «Шебер АРТ» ЖШС, «Шымкент Сервис Авто» ЖШС, «Шымкент Темір» ЖШС, «Эврика медиа» ЖШС, «Электро Сервис» ЖШС, «ЭлектроГарант» ЖШС, «Электрокомплекс-1» ЖШС, «Электросварщик» ЖШС, «ЮгВнешТранс» ЖШС.

       07150300-Токарлық іс мамандығы:

«Ансар металл» ЖШС, «ШЫМ СНАБ 13» ЖШС, «АЙ ТРАНС СЕРВИС» ЖШС, АҚ «Завод электороаппарат», АҚ «Энергоорталық», ТОО «Ансар-Металл» ЖШС,    ТОО «ШЗ Эталон» ЖШС, «Альянс-сталь Пром» ЖШС, «КЕММ-2030» ЖШС, ТОО з-д «Электроаппарат» ЖШС, «ELITE GROUP LTD» ЖШС, «Автодом» ЖШС, «Ай Сервис Транс» ЖШС, «Атажұрт мейірімі халықаралық қайрымдылық қоры» ЖҰ, «ГазМэн» ЖШС, «ГарантСтройЛаб» ЖШС, «КЭММ 2030» ЖШС, «Құрылыс монтаж» ЖШС, «МЭМ» ЖШС, «Строй металлоконструкций» ЖШС, «Электро Сервис» ЖШС, «ЮСТАЛЬКОН» ЖШС, ЖК «DAMU орталығы», ЖК «Аликулова», ЖК «Анвар и Компани», ЖК «Гаипов», ЖК «Мамбетов», ЖК «Маханов», ЖК «Нур», ЖК «Рустамов М. Х.», ЖК «Сайткулов», ЖК «Сынабек Н. С.», ЖК «Турсункулова».

          071500 — Дәнекерлеу ісі мамандығы:

«Arena S» ЖШС, «ELITE GROUP LTD» ЖШС, «Nur Stroi Snab» ЖШС, «OSKAR COMPANY OIL» ЖШС, «Авто-старт и К» ЖШС, «Ай Сервис Транс» ЖШС, «АмикА Строй» ЖШС, «Бидайшы» ШҚ, «КазЭлит ЖБИ» ЖШС, «Корпорация АҚ ордасы» ЖШС, «М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті» КеАҚ, «Олжас» ШҚ, «Рузметов» ЖШС, «Электрокомплекс-1» ЖШС, «ЭСАМ Туркестан» ЖШС, ЖК «Атхам К. А.», ЖК «Бакиров А. Ө.», ЖК «Бейсенбев», ЖК «Болашақ Груп», ЖК «Гаипов», ЖК «Даму», ЖК «Джансейтова Д. Ж.» ЖК «Жамашова», ЖК «Ирисметова Ж.К.», ЖК «Көпбосынов», ЖК «Мамбетов», ЖК «Серикбаев», ЖК «Суннәт», ЖК «Техас».

          07140100 — Технологиялық процестерді автоматтандыру және басқару мамандығы:

«Alageum Electric Shymkent» ЖШС, «Оңтүстік Жарық» ЖШС, «Саулет-Н» ЖШС                 «Энеогопоток» ЖШС, АҚ «Азимут энерджи сервис», «Автоматика Прибор Ремсервис» ЖШС, АҚ «ХимФарм», «Казводэнерго строй-сервис» ЖШС, «Центр Инструмент Юг» ЖШС, «КарлсКрона» ЖШС, АҚ «Шымкент Цемент»,                       «3-Энергоорталық» АҚ, «Agatai Group» ЖШС, «Azala Cotton» ЖШС,  «Bulvar company» ЖШС, «Dani-nan Menagment» ЖШС, «ECOBETON» ЖШС, «Globus Plus» ЖШС, «High industrial lubricants & liquids corporation» (hill)» ЖШС, «NoviTech» ЖШС, «Qut Bereke Qurylys» ЖШС, «SCAT» Авиакомпанисы» Акционерлік қоғамы, «А. Р. Т. Құрылыс» ЖШС, «Ай Сервис Транс» ЖШС, «Айдын Энерджи» ЖШС, «ГарантСтройЛаб» ЖШС, «Гофро Сервис» ЖШС, «Давус» ЖШС, «Корпорация Сити Строй» ЖШС, «КЭММ 2030» ЖШС, «Қазақ Фуд» ЖШС, «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық Компаниясы» акционерлік қоғамының «Шымкент элетрмен жабдықтау дистанциясы» филиалы, «Мунай құрылыс сервис» ЖШС, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС, «Поли Мастер» ЖШС, «Рахат -Шымкент» ЖШС, , «Союз Plast» ЖШС, «СТО-ДМ»  ЖШС, «ШЗ Эталон» ЖШС, «Шымкент құс» ЖШС, «Шымкент Мұнай Өнімдері» АҚ, «Электро Сервис» ЖШС, «ЭлектроГарант» ЖШС, ЖК «Абдувахапова.

              06120100 — Есептеу техникасы және ақпараттық желілер мамандығы: «ШЗ Эталон» ЖШС, АО «Завод электороаппарат» АҚ, «Стандарт Цемент» ЖШС, «Аватоматика прибор рем сервис» ЖШС, «Шымкент темир» ЖШС, «Энерго орталык 3» АҚ, «Ер-Нур» ЖШС, ЖК «Компас», ЖК Жансеитова «Car Service» ЖШС, «Kontra» ЖШС, «KORE» ЖШС, «Muslima KZ» ЖШС, «NANO TECH SERVICE» ЖШС, «Oktrening» ЖШС, «Online-IT» ЖШС, «S&A Media Group» ЖШС, «Web» ЖШС, «Абди КМ» ЖШС Шымкент қаласындағы филиалы,  «Айдын Энерджи» ЖШС, «АсылТауБюлдинг» ЖШС, «Білім санаты» ЖШС, «Болтай» ЖШС, «ВЕК-снаб-строй» ЖШС, «Группа Компании ХАК» ЖШС, «Коллектроское агентство «Professional Collection Group» ЖШС, «Компания Эврика» ЖШС, «Көркем Нұр МК» ЖШС, «Мадлен-KZ» ЖШС, «Маман» оқу-өндірістік орталығы» мекемесі, «МОД и компания» ЖШС, «Нұр-Аман» ЖШС, «СК Альянс Строй Монтаж -2004» ЖШС, «Строй металлоконструкций» ЖШС, «СТС Инвест Строй» ЖШС, «ТЕМП и компания» ЖШС.

5. Мансапты дамыту орталығының құрылымы

5.1. Ғылыми кеңес беру және жобалау қызметі (студенттер мен түлектерге кеңес беру: мамандық таңдау, мансапты жоспарлау, кәсіби түйіндеме жасау).

5.2. Ақпараттық қызмет (студенттерді қосымша білім беру бағдарламаларымен, кәсіпорындардағы және интернет-ресурстардағы бос жұмыс орындары туралы анықтамалық материалдармен таныстыру, үздік студенттердің түйіндемесін орналастыру және колледж сайтында Орталықтың қызметін жарнамалау).

6. Мансапты дамыту орталығы құжаттарының, жазбаларының және деректерінің тізбесі

6.1. Істер номенклатурасы;

6.2. МДО туралы ереже;

6.3. МДО қызметін жоспарлау бойынша құжаттар:

— МДО жұмыс жоспарлары;

— Индустриалдық кеңестің жоспарлары.

6.4. Қазақстан Республикасының заңдары, ҚР Білім және ғылым министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктерінің бұйрықтары мен өкімдерін, колледж директоры мен директор орынбасарларының өкімдерін қамтитын нормативтік және техникалық құжаттардың кіріс папкасы.

6.5. Жазбалар тізбесі:

— МДО құжаттарын есепке алу журналдары;

— қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқамаларды жүргізуді тіркеу журналдары;

— есептер: МДО жұмысы туралы, статистикалық есептер;

— хат алмасу, қызметтік хаттар.