Шымкент қаласының білім басқармасы «Индустриалды-техникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының әдіскері Ерназарова Кулаш Баймаханқызы Қазақстан Республикасының Оқу – Ағарту министрінің «Құрмет Грамотасы» наградасына ұсынылады.

Ерназарова Кулаш Баймаханқызы

Шымкент қаласының білім басқармасы «Индустриалды-техникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының әдіскері

Жалпы жұмыс өтілі 32,5 ай жыл

Ерназарова Куляш Баймахановна – 2011-2013 жылдар аралығында «Индустриалды-техникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары, 2013 жылдан бастап колледж әдіскері және тарих және заң негіздері пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарады.

28-31.06.2015ж. «Техникалық және кәсіптік білімді дамыту және біліктілікті берудің республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы» АҚ ұйымдастыруымен «Психология және басқару», «Білім мазмұнын сипаттайтын нормативтік құжаттармен жұмыс» тақырыбындағы семинарында білімін жетілдірген.

07.02-18.10.2016ж. «Кәсіпқор»холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Кәсіптік білім беру орталығы ұйымдастырған «Арнайы пәндерді ағылшын тілінде оқытудың ерекшеліктері және ендіру әдістері» тақырыбында біліктілігін арттырған.

26.06.-01.07.2016ж. «Кәсіпқор»холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Кәсіптік білім беру орталығы ұйымдастырған «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің жаңа формациядағы педагогі» тақырыбында біліктілігін арттырды.

19-29.12.2018ж. №29 М.Әуезов атындағы ОҚМУ базасында «Тарих пәнінен заманауи оқыту технологиялары» тақырыбында біліктілік курсында өз білімін жетілдірген. «Жоғары білімді маман, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, әріптестерімен тәжірибесін кеңінен бөліседі, үйретуден жалықпайды. Оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып, сабақтарын қызықты етіп өткізеді. Баспа беттерінде мақалалары жарық көрген. «ТАҒЫЛЫМ» республикалық ғылыми-әдістемелік журналының 2018 жылғы айындағы №6(54)санында «100 Үздік педагогикалық мақала» республикалық конкурсының жинағына «Тарих сабағын өтудің әдіс тәсілдері» тақырыбында материалы енгенін растайтын сертификаты бар.

ШҚО Өрлеу“ БАҰО АҚФ ОҚО бойынша «Оқытуда модульді-құзыреттілік тәсілдің ТжКБ жүйесіндегі ерекшеліктері» тақырыбындағы республикалық оn-line семинарының электрондық жинағында «Мәңгілік ел идеясы және Қазақстандық патриотизм» тақырыбындағы мақаласы жарияланған.

«ZIAT» Ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастырумен өткен «Менің үздік презентациялық сабағым» атты ІХ Республикалық мұғалімдер сайысында ІІ орын алған.

Астана қаласы Білім беруді жаңғырту орталығы «Bilim-orkeniety» ұлттық-инновациялық ғылыми зерттеу орталығы, ҚР БҒМ Ғылыми комитеті, Мемлекет тарихы институтының ұйымдастыруымен Астана қаласының 20 жылдығына орай білім беру ұйымдары арасында өткен «Үздік тарихшы-2018» атты республикалық байқауында І дәрежелі дипломмен марапатталған.

«Кенесары хан» тақырыбында презентация, «Есим хан тұсындағы Қазақ хандығы» тақырыбында презентация. Атап айтқанда ашық сабақ «ХХ ғасырда Қазақстанда мәдениеттің дамуы», «Тәуелсіз Қазақстанның экономикалық дамуы» тақырыптарындағы сабақ әзірлемелері „ИНФОУРОК“ халықаралық білім сайтында жарияланған.

3-14.08.2020ж. «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің педагогтері мен әдіскерлерінің кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіру» тақырыбында біліктілігін арттырды.

11-29.10.2021ж. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім беру процесін академиялық дербестікті есепке ала отырып модельдеу» тақырыбында біліктілігін арттырды. 11.-29.11.2021ж . Сертификат. Тіркеу номері №211103361 «Талап» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Кәсіптік білім беру орталығы «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім беру процесін академиялық дербестікті есепке ала отырып модельдеу» тақырыбында 108 сағат көлемінде біліктілікті арттыру курсынан өткен.

03.-14 тамыз 2020ж. аралығында «Талап» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Кәсіптік білім беру орталығы «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінің педагогтері мен әдіскелерінің кәсіби құзіреттіліктерін жетілдіру » тақырыбында техникалық және кәсіптік , орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының инженерлік –педагогикалық қызметкерлерін және басшыларын халықаралық талаптарға сәйкес біліктілігін арттыру 72 сағаттық курсынан өткен. Тіркеу №.5025.

2020ж. тамыз айында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ « Педагогикалық шеберлік орталығы» жекеменшік мекемесі әзірлеген Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту аясында «Тарих» жалпы білім беру бағдарламасы бойынша 80 академиялық сағат көлемінде онлайн оқыту курсынан өттім. Тіркеу № БЖ-195 . 07.05-28.05.2021ж аралығында Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі «Өрлеу». Орта білім мазмұнын жаңарту аясында « Тарих» жалпы білім беру пәні бойынша колледж оқытушыларының біліктілігін арттыру аясында 80 сағаттық курсынан өткен. Тіркеу № 0467823.

2021ж. Диплом I дәрежелі. Заманауи оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері мен түрлі салалардағы даму мен прогрестің өзекті мәселелерін талқылауға арналған « Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл » атты техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері мен студенттері арасында ұйымдастырылған Республикалық ғылыми-практикалық конференциясының жеңімпазы болды. Тіркеу №1313

2020ж.Көкшетау қаласында өткен «Еңбек нарығының заманауи тенденцияларын ескере отырып ТжКБ білім беру бағдарламаларын трансформациялау» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында мақалам жарияланып,сертификат алды.

2020ж. Шымкент қаласы Білім басқармасының «Индустриалды-техникалық колледжі » МКҚК Диплом I дәрежелі.Ұлы ойшыл,әлемнің екінші ұстазы Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай ұйымдастырылған «Әбу Насыр Әл-Фарабидің педагогикалық мұралары және «Рухани жаңғыру » атты өңірлік ғылыми-практикалық конференцияда заманауи білім беру әдістерін қолдана отырып сапалы баяндама жасағаны үшін студент Шорабеков Нурасыл марапатталды.

Қазақстан Республикасының Оқу – Ағарту министрінің «Құрмет Грамотасы» наградасына ұсынылады.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған