2023 жылдың 5 желтоқсанында педагогтардың бос және уақытша бос лауазымдарына педагогтарды қабылдау бойынша конкурс өткізілді.

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығына және ҚР Оқу-ағарту министірінің 15.08.2023 жылғы №259 және ҚР Премьер-Министірінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірінің 16.08.2023 жылғы №343 бірлескен бұйрығымен «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларына сәйкес Шымкент қаласы білім басқармасының «Индустриалды-техникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында 2023 жылдың 5 желтоқсанында педагогтардың бос және уақытша бос лауазымына конкурс өткізілді. Конкурс комиссия төрайымы директордың оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары – А.Ш. Абдыхалыкованың, комиссия мүшелері: Шымкент қалалық әдістемелік орталығының әдіскері- А.С Исаева, Шымкент қалалық білім саласы кәсіподақ комитетінің жетекші маманы – Бақбаева Ж.Ж. Директордың оқу әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары – М.А. Ниязов, ақпараттық жүйелер бөлімше меңгерушісі – Н.Б. Ләбиханов, кәсіподақ комитетінің төрайымы – Г.О. Аблаева, оқытушы – Е.А. Почанина, оқытушы- С.Д. Култасова қатысуымен өтті. Конкурс бойынша жарияланған 1 бос орынға 3 кандидат мекеменің почтасына өз өтініштерін жіберген. Комиссия мүшелері кандидаттардың құжаттары мен өтініштерін ҚР Білім және ғылым министірінің №57 бұйрығына сай тексеріп, шешім қабылдады. Комиссия шешімі бойынша 3 кандидаттың арасынан Бакыбаев Мухтар Ержомартович 12,5 ұпаймен дене шынықтыру пәнінің оқытушысы бос орнына ұсынылды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған