2023 жылдың 19 қыркүйегінде педагогтардың бос және уақытша бос лауазымдарына педагогтарды қабылдау бойынша конкурс өткізілді.

Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға  тағайындау, лауазымынан босату қағидаларын бекіту туралы  №57 Бұйрығы, ҚР Оқу-ағарту министірінің 15.08.2023 жылғы №259 және ҚР Премьер-Министірінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірінің 16.08.2023 жылғы №343 бірлескен бұйрықтарына сәйкес Шымкент қаласы білім басқармасының «Индустриалды-техникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында  2023 жылдың 19 қыркүйегінде педагогтардың  бос және уақытша бос лауазымдарына педагогтарды қабылдау бойынша конкурс өткізілді. Конкурсты талапқа сай өткізу мақсатында комиссия құрылды. Комиссия мүшесінің төрайымы болып директордың оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары Абдыхалыкова А.Ш. тағайындалды. Комиссия мүшелері: Шымкент қаласы білім басқармасы әдістемелік орталығының әдіскері Исаева А.С., Шымкент қаласы білім басқарамасының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің бас маманы Алтаева Ж.Б., Шымкент қалалық білім саласы кәсіподақ комитетінің жетекші маманы Бақбаева Ж.Ж., директордың оқу әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Ниязов М.А., ақпараттық жүйелер бөлімше меңгерушісі Ләбиханов Н.Б., кәсіподақ  комитетінің төрайымы Аблаева Г.О., оқытушылар Почанина Е.А., Култасова С.Д. қатысты. 

           Комиссия мүшелері конкурс бойынша жарияланған 2 бос орынға үміткерлердің мекеме почтасына жіберген өтініштері мен құжаттарын  ҚР Білім және ғылым министірінің №57  бұйрығының талаптарына сәйкестігін тексеріп, жан-жақты талқылау нәтижесінде шешім қабылдады. Комиссия шешімі бойынша: 1. Есептеу техникасы және ақпараттық желілер мамандығы  бойынша арнайы пәндер оқытушысы бос қызмет орнына Миятбаев Голимжан 7 ұпаймен алға шығып, жұмысқа алынды. 2. Жастар ісі жөніндегі инспектор  бос лауазымы бойынша Тұржан Нұрқиса 8,5 ұпаймен жұмысқа қабылданды.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *