2023 жылдың 8  қыркүйегінде педагогтардың  бос және уақытша бос лауазымдарына педагогтарды қабылдау бойынша конкурс өткізілді.

ҚР Оқу-ағарту министірінің 15.08.2023 жылғы №259 және ҚР Премьер-Министірінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірінің 16.08.2023 жылғы №343 «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау қағидаларына сәйкес Шымкент қаласы білім білім басқармасының «Индустриалды-техникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында  2023 жылдың 8  қыркүйегінде педагогтардың  бос және уақытша бос лауазымдарына педагогтарды қабылдау бойынша конкурс өткізілді. Конкурсты талапқа сай өткізу мақсатында комиссия құрылды. Комиссия мүшесінің төрайымы болып директордың оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары Абдыхалыкова А.Ш. тағайындалды. Комиссия мүшелері: Шымкент қалалық әдістемелік орталығының әдіскері Исаева А.С., Шымкент қаласы білім басқарамасының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің бас маманы Алатева Ж.Б., Шымкент қалалық білім саласы кәсіподақ комитетінің жетекші маманы Бақбаева Ж.Ж., директордың оқу әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Ниязов М.А., ақпараттық жүйелер бөлімше меңгерушісі Ләбиханов Н.Б., кәсіподақ  комитетінің төрайымы Аблаева Г.О., оқытушылар Почанина Е.А., Култасова С.Д. қатысты.

           Комиссия мүшелері конкурс бойынша жарияланған 8  бос орынға үміткерлердің мекеме почтасына жіберген өтініштері мен құжаттарын  ҚР Білім және ғылым министірінің №57  бұйрығының талаптарына сәйкестігін тексеріп, жан-жақты талқылау нәтижесінде шешім қабылдады. Комиссия шешімі  бойынша бос орынға 8  үміткер қабылданды:Арнайы пән оқытушысы Әмзе П.С., Досқараева А.Ж., Өндірістік оқыту шебері Кулимбетов Б.А., Жаушыбек А.А., Төреханов Д.Н., Ақбаев М.К., Денешынықтыру және спорт Норбутаев Б.Е., Химия пәнінің оқытушысы  Жұмаш Д.Ө.   

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *