Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 Бұйрығы, ҚР Оқу-ағарту министрінің 15.08.2023 № 259 және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары — Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 16.08.2023 № 343 бірлескен «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» бұйрықтары негізінде Шымкент қаласы білім басқармасының «Индустриалды-техникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 2024 жылдың 27 мамыр күні директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары лауазымының бос орнына Шымкент қаласы білім басқармасының сайтына хабарландыру жарияланды. Хабарландыру бойынша мекеме почтасына 5 үміткерден құжаттар келіп түсті, құжаттарды қарау барысында 1 үміткер қағиданың 158-тармағына сәйкес конкурстан шеттетілді. 2024 жылдың 11 маусымы күні конкурстық комиссияның қорытынды отырысы өткізілді, конкурста 4 үміткердің құжаттары қаралды, оның ішінде комиссияның қорытындысы бойынша, 28 ұпаймен Ләбиханов Нұрсейіт Бекжанұлы Шымкент қаласы білім басқармасына бос қызмет орнына тағайындауға ұсынылды.