2024 жылдың 12 қыркүйегі күні конкурстық комиссияның қорытынды отырысы өткізілді

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы негізінде Шымкент қаласы білім басқармасының «Индустриалды-техникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны информатика пәнінің оқытушысы – 1 тұрақты, 1 уақытша бос жұмыс орны, есептеу техникасы және ақпараттық желілер (түрлері бойынша) мамандығы бойынша өндірістік оқыту шебері – 1 тұрақты бос жұмыс орны, автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану мамандығы бойынша өндірістік оқыту шебері — тұрақты 2 бос жұмыс орны, автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, токарлық іс мамандығы бойынша — 1 тұрақты бос жұмыс орны, жөндеу және пайдалану мамандығы бойынша арнайы пән оқытушысы — 1 тұрақты бос жұмыс орны, ағылшын тілі пәнінің оқытушысы — тұрақты 1 бос жұмыс орны, дене шынықтыру пәнінің оқытушысы — тұрақты 1 бос жұмыс орындары туралы хабарландыру Шымкент қаласы білім басқармасының сайтына жарияланды. Хабарландыру бойынша мекеме почтасына 9 үміткерден құжаттар келіп түсті. 2024 жылдың 12 қыркүйегі күні конкурстық комиссияның қорытынды отырысы өткізілді, құжаттарды қарау барысында 1 үміткердің құжаты өтініш білдірген мамандығына сәйкес болмауына байланысты конкурстан өтпеді, конкурста қаралған 8 үміткердің құжаттары қағиданың 154-тармағына сай келуіне байланысты А.А.Азимбаева, З.З.Абдукаликова, Б.М.Батырбек, Н.Н.Тұрдыбай, Ж.С.Талипбаева, Э.Р.Дарибаев, Т.Ю.Шариббаев, А.Н.Смаил колледж басшылығына бос қызмет орындарына тағайындауға ұсынылды.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *