Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы негізінде Шымкент қаласы білім басқармасының «Индустриалды-техникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны тарих пәнінің оқытушысына — тұрақты 1 бос жұмыс орны туралы хабарландыруды Шымкент қаласы білім басқармасының сайтына жариялады. Хабарландыру бойынша мекеме почтасына 1 үміткерден құжат келіп түсті. 2024 жылдың 30 қыркүйегі күні конкурстық комиссияның қорытынды отырысы өткізілді, үміткердің құжатын қарау барысында «Серпін» мемлекеттік бағдарламасы бойынша грантта оқуы және оны үздік аяқтауы, магистратураны үздік аяқтауы, сонымен қатар екі жылдық педагогикалық жұмыс өтілі ескеріле келе бізге қажет маман деп танылып, колледж басшылығына тарих пәнінің бос қызмет орнына тағайындауға ұсынылды.