Шымкент қаласы білім басқармасының сайтына конкурс өтетіндігі туралы хабарландыру жариялады. 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 Бұйрығы, ҚР Оқу-ағарту министрінің 15.08.2023 № 259

және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 16.08.2023 № 343 бірлескен «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» бұйрықтары негізінде Шымкент қаласы білім басқармасының «Индустриалды-техникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 2024 жылдың 20 наурызы күні директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары лауазымының бос орнына Шымкент қаласы білім басқармасының сайтына конкурс өтетіндігі туралы хабарландыру жариялады. Хабарландыру бойынша мекеме почтасына 6 үміткерден құжаттар келіп түсті, құжаттарды қарау барысында 1 үміткердің құжаты қағиданың 154-тармағына сәйкес болмауына байланысты өзіне қайтарылды. 2024 жылдың 11 сәуірі күні конкурстық комиссияның қорытынды отырысы өткізілді, конкурсқа 5 үміткер іріктеуден өтті, оның ішінде комисия қорытындысы бойынша 24,5 ұпайымен Арынов Әнуар Орынбасарұлы Шымкент қаласы білім басқармасына бос қызмет орнына тағайындауға ұсынылды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған