Индустриалды-техникалық колледжіне 80 жыл

Бүгін 2022 жылдың 23 желтоқсаны күні Шымкент қаласы білім басқармасының Индустриалды-техникалық колледжінде «Техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың тенденциялары мен перспективалары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді және оқу орнының ашылғанына 80 жыл толуына орай салтанатты іс-шара кеңінен аталып өтті.

Колледждегі іс-шараға Шымкент қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары Әліш Рыскелді Салхутдинұлы, «Talap» КЕAҚ Жобалар және әлеуметтік серіктестік басқармасының басшысы Жанайдаров Нұрдәулет Дәулетбекұлы, Шымкент қаласы білім басқармасы ТжКБ бөлімінің басшысы Алтаева Жанар Бекетовна, Оңтүстік Қазақстан Мемлекттік Педагогикалық Университетінің доценттері, п.ғ.к. Тілеуова Сәулеш Сабырбекқызы мен Гулира Кенжеевна Нурмуханбетова, «Шымкент қаласының білім, ғылым және басқа мамандықтардын қызметкерлерінің кәсіподағы» қоғамдық бiрлестiгiнен Ващенко Валентина Максимовна, Шымкент қаласында орналасқан колледждердің директорлары Искакова Гүлзат Үкібайқызы Асылбекова Ләззат Абибуллақызы Тагаева Гүлмира Жаппарқызы Искаков Әлихан Тұрлыбекұлы Кендірбаев Сейлхан Мырзасалиева Ажар Сериковна Абуева Нургуль Курбановна Ибрагимова Гүлнара Жұмашевна және колледж директорларының орынбасарлары мен педагогтары, колледждің ардагерлері қатысып, 80-жылдық мерейтоймен құттықтады.

Қонақтар колледждің базасымен танысып, оқу шеберханаларына «Жас маман» жобасы аясында алынған заманауи жабдықтармен танысып, жоғары баға берді.

Колледжде ұзақ жылдар бойы жастарды слесарь мамандығына баулып жүрген ардагер ұстаз, өндірістік оқыту шебері Шариббаев Турдалы Юлдашбаевичті «Ұстаз жолы» қоғамдық қоры «ЕЛУЛІ ЕҢБЕГІ ҮШІН «ЕҢБЕК ДАҢҚЫ» орденімен марапаттады.

Аймақтағы өндіріс орындары мен әлеуметтік серіктестерге жұмысшы мамандарды даярлайтын, тарихы мен тағылымы мол оқу орнының ұжымына шығармашылық табыс тілей отырып, өскелең ұрпақты тәрбиелеу және оқыту ісіне сіңіретін еңбектеріңіз жемісті болсын дейміз.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *