Шымкент қаласында жалпы 36-тан астам колледж бар. Оның 10-ы бюджет қорынан қаржыландыратын мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын, ал 26 колледж жекеменшік. Солардың бірі шырайлы Шымкент қаламыздың Гагарин көшесінде орналасқан Индустриалды-техникалық колледжіне бүгінгі таңда 80 жыл толды. Осы 80 жылдық тарихы бар білім мекемесі көп жылдардан бері қаламыздың алдыңғы қатарлы, үздік оқу орнының бірі.
Колледждің қақпасынан аттағаннан-ақ мұндағы күтіліп бапталған, заман талабына сай жабдықталған оқу ғимараттары, гүлденген ауласы, дәрісханалар мен оқу-өндіріс шеберханалары, мерекелік акт залы, асханасы бәрі де осындағы жалпы ұжым мен білім алушылардың білім ошағына деген үлгілі тәртібі пен сүйіспеншілігін, біліктілігі мен іскерлігін үнсіз баяндап тұрады.
Тарих үшін 80 жыл уақыттың бір ғана бөлшегі болса, оқу орны үшін алатын орны көп. 80 жылдың ішінде осы оқу орны қаншама рет атауын өзгертті.
Бүгінгі колледждің негізі сұрапыл соғыс кезінде 1942 жылы Кеңес үкіметінің шешімімен №38 ФЗО болып қаланды. Мұнда Ұлы Отан соғысы кезінде ата-аналарынан айырылған балалар оқыды. Жауға атылған әрбір жетінші оқ Шымкент қорғасын зауытында даярланды. Дәл сол кезде зауытқа білікті жұмысшы мамандар қажет болды. Даярланған түлектер осы сұраныстарды қамтамасыз етті. Сонымен қатар білім алушылар майданға қажетті қару-жарақтардың найзалары мен миналардың қораптарын да дайындады. Оқу орнының алғашқы түлектері 600 адамнан асқан. Солардың ішінде болашақ социалистік еңбек ері Блохинский Сергей Николаевич те болды.
Қазақстанда тың жерлерді, егістік алқаптарды игеру жұмыстары жаппай қолға алу басталады. Соның нәтежиесінде 1954 жылы №1 механикалық ауыл шаруашылық училищесі (УМСХ №1) болып өзгертіліп, трактористерді, механизаторларды, механик-комбайнерлерді дайындайды.
1956 жылы №11 техникалық училище (ТУ №11) болып өзгертіліп, слесарь-инструментальщик, өндірістік жабдықтарды жөндеу слесары, электрмен және газбен дәнекерлеуші, электрослесарь, слесарь-монтаждаушы мамандықтары бойында түлектерді дайындады.
1958 жылы оқу-өндіріс шеберханасы мен оқу ғимаратының құрылыс жұмыстары басталды. Клуб, спорт зал және гараж да қоса тұрғызылды. №11 ТУ түлегі Правдюк Олег ең бірінші болып «Кәсіптік-техникалық білім үздігі» атағын иеленді.
1963 жылы ГПТУ-33 атауы беріліп, слесарь-монтажник, слесарь-құрастырушы, электрослесарь, электромонтер, электрмен және газбен дәнекерлеуші, слесарь КИІ1 и А. монтажник ЖБК. сызбашы-конструктор, жылуизолировшы, слесарь-сантехник, слесарь-желдеттіруші, слесарь-монтаждаушы ОМР, электрик мамандықтарын даярлады.
1984 жылы оқу орны СПТУ- 33 болып өзгертіліп мамандықпен бірге орта білімді де қосып оқыта бастады. Осы жылы Кеңес одағының монтаждау басқармаларына үздік жұмысшы мамандарын дайындағаны үшін ауыспалы қызыл тумен марапатталды.
1996 жылы №3 кәсіптік-техникалық мектеп болып өзгертілді.
2002 жылы №3 кәсіптік мектеп болып қайта өзгертілді.
2003 жылдан бастап оқу орны №3 кәсіптік лицей болып өзгертілді.
24.12.2012 ж. — № 3 колледж;
01.07.2017ж– “Индустриалды-техникалық колледж” болып аталып келеді.