Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 Бұйрығы, ҚР Оқу-ағарту министрінің 15.08.2023 № 259
және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары — Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 16.08.2023 № 343 бірлескен «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» бұйрықтары негізінде Шымкент қаласы білім басқармасының «Индустриалды-техникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 2024 жылдың 18 сәуірі күні директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары лауазымының бос орнына Шымкент қаласы білім басқармасының сайтына хабарландыру жариялады. Хабарландыру бойынша мекеме почтасына 5 үміткерден құжаттар келіп түсті, құжаттарды қарау барысында 2 үміткердің құжаты қағиданың 154-тармағына сәйкес болмауына байланысты өзіне қайтарылды. 2024 жылдың 06 сәуірі күні конкурстық комиссияның қорытынды отырысы өткізілді, конкурсқа 3 үміткер іріктеуден өтті, оның ішінде комиссия қорытындысы бойынша 20 ұпаймен Кудайбергенов Азамат Ералиевич Шымкент қаласы білім басқармасына бос қызмет орнына тағайындауға ұсынылды.