«Индустриалды-техникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны көркемдік жетекші — тұрақты 1 бос жұмыс орны туралы хабарландыру Шымкент қаласы білім басқармасының ресми сайтына жарияланды.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы негізінде Шымкент қаласы білім басқармасының «Индустриалды-техникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны көркемдік жетекші - тұрақты 1 бос жұмыс орны туралы хабарландыру Шымкент қаласы білім басқармасының ресми сайтына жарияланды. Хабарландыру бойынша мекеме почтасына 1 үміткерден құжат келіп түсті. 2024 жылдың 13 қарашасы күні конкурстық комиссияның қорытынды отырысы өткізілді, үміткердің құжатын қарау барысында филармонияда әртіс болып жұмыс жасап, өнер саласына 14 жылдан астам уақыт бойы өз үлесін қосып жүрген өнер адамы екенін білдік. Сонымен қатар осы өнер жолында «Мәдениет майталманы» және «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілерімен марапатталғанын көріп бізге қажет маман деп танылып, колледж басшылығына көркемдік жетекші бос қызмет орнына тағайындауға ұсынылды.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *