Перейти к содержимому

«Конкурстық комиссия қорытындысы»

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы негізінде Шымкент қаласы білім басқармасының «Индустриалды-техникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, 2025 жылдың 29 тамызы күні Шымкент қаласы білім басқармасының сайтына: Бөлім меңгерушісі лауазымына — 1 тұрақты бос жұмыс орны туралы хабарландыру жариялады. Хабарландыру бойынша мекеме почтасына 1 үміткерден құжат келіп түсті. 2025 жылдың 12 қыркүйек күні конкурстық комиссияның қорытынды отырысы өткізіліп, үміткердің құжаттары толық қаралды. Комиссия қорытындысы бойынша 13 ұпаймен Мәлік Нұрдәулет Еркінұлы колледж басшылығына бөлім меңгерушісі лауазымы бойынша бос қызмет орнына тағайындауға ұсынылды. Алдағы уақытта Мәлік Нұрдәулет Еркінұлына жұмысына сәттілік тілейміз!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *