Перейти к содержимому

ЛУДОМАНИЯ, ОТБАСЫНДАҒЫ ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ, ҚЫЗДАР КЕҢЕСІ ЖӘНЕ СУИЦИДТІҢ ЗИЯНДЫҒЫН НАСИХАТТАУ ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

🔹ЛУДОМАНИЯ, ОТБАСЫНДАҒЫ ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ, ҚЫЗДАР КЕҢЕСІ ЖӘНЕ СУИЦИДТІҢ ЗИЯНДЫҒЫН НАСИХАТТАУ ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
🔹«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Алдын алу шаралары» бойынша аталған тақырыптар аясында жастар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында арнайы кездесу ұйымдастырылды. Іс-шара барысында қоғамдағы өзекті мәселелер көтеріліп, олардың алдын алу жолдары мен психологиялық қолдаудың маңыздылығы кеңінен түсіндірілді.
🔹Кездесуге «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің психологиялық көмек көрсету бөлімінің басшысы Сайдахан Жібек Мұратқызы, Шымкент ҚПД Абай АПБ ҚҚБ ОТЗЗҚБ полиция инспекторы Ахмет Сымбат, сондай-ақ Шымкент ҚПД Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция капитаны Ералиев Ердәулет және полиция аға лейтенанты Жанысбаев Мақсат қатысты.
🔹Лудоманияның, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, суицидтің зияны мен оның салдары түсіндіріліп, жастарға қауіптің алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және психологиялық тұрақтылықты сақтау жөнінде маңызды ақпараттар берілді. Кездесу еркін форматта өтіп, қатысушылар өз сұрақтарын қойып, мамандардан тиісті жауап алды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *