
«PROF START» – кәсіби бағдарға алғашқы қадам!
Шымкент қаласы білім басқармасының «Индустриалды-техникалық колледжі» ШЖҚ МКК ұйымдастыруымен өтіп жатқан «PROF START» кәсіби бағдарлау бағдарламасының бүгін 13-күні өткізілді.

Бағдарламаға А.С. Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназиясы, Ә. Бөкейхан атындағы №2 жалпы орта білім беретін мектебі, №3 Ұлықбек атындағы жалпы орта мектебінің 7–8 сынып оқушылары қатысуда.

Іс-шара барысында оқушылар әртүрлі мамандықтармен танысып, тәжірибелік жұмыстарға қатысып, кәсіби дағдылардың қыр-сырымен танысып, болашақ мамандықтарын таңдауға бағыт-бағдар алуда.

«PROF START» – мамандық таңдаудағы сенімді бағыт!