Перейти к содержимому

«WorldSkills Shymkent – 2026» қалалық чемпионаты басталды!

🏆 «WorldSkills Shymkent – 2026» қалалық чемпионаты басталды!
Шымкент қаласында өтіп жатқан «WorldSkills Shymkent – 2026» қалалық чемпионаты аясында Индустриалды-техникалық колледжі базасында «Прототиптеу» құзыреттілігі бойынша жарыс өз бастауын алды.
🔹 Чемпионатқа 4 қатысушы қатысып, өздерінің кәсіби шеберлігі мен шығармашылық қабілеттерін сынға салуда. Қатысушылар заманауи технологияларды пайдалана отырып, прототиптер әзірлеу бойынша тапсырмаларды орындайды.
🔹 Құзыреттілік бойынша бас сарапшы – Қожакулов Баубек Оразбекұлы. Ол жарыстың әділ әрі халықаралық WorldSkills стандарттарына сай өтуін қамтамасыз етеді.
🌟 Чемпионат жас мамандардың кәсіби дағдыларын дамытуға, тәжірибе алмасуға және еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.
Қатысушыларға сәттілік тілейміз және жоғары нәтижелер күтеміз!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *