Перейти к содержимому

2025 жылдың 16 қаңтарында Индустриалды техникалық колледжіміз жұмысшы мамандықтар жылының беделін арттыру мақсатында ұзақ мерзімді меморандумға қол қойды.

Бұл меморандум еліміздегі бірқатар танымал кәсіпорындармен жасалып, студенттеріміздің кәсіби дағдыларын дамытуға және өндірістік тәжірибелерін кеңейтуге зор мүмкіндік береді! 🔧🚗
Қол қойылған меморандумға қатысатын кәсіпорындар:
1. ТОО «Вольтаж-Монтаж»
2. ТОО «СТО ДМ»
3. ТОО «СМЭУ»
4. ЖШС «ҚРОО и МАЖТА»
5. ЖШС «Профессионал» мамандарды даярлау және қайта даярлау орталығы
6. ТОО «Кітап»
7. ТОО «Kontra»
8. ТОО «Спектр»
9. ЖШС «Шымкент ақпарат орталығы»
10. VAG Auto Servise
11. ТОО «Nomad Motors»
Бұл кәсіпорындармен ынтымақтастық колледжіміздің студенттеріне өндірістік тәжірибе алу, жұмысшы мамандықтарын меңгеру және қазіргі заманғы технологиялармен танысу мүмкіндігін ұсынады. Меморандум аясында студенттеріміздің кәсіби білімдері мен дағдыларын арттырып, болашақта еңбек нарығында бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасуына септігін тигізеді.