
WorldSkills Shymkent-2025 чемпионаты сәтті аяқталды!

Индустриалды-техникалық колледжі үшін бұл чемпионат – үлкен жетістік пен мақтаныш кезеңі болды.
2025 жылғы WorldSkills Shymkent кәсіби шеберлік чемпионаты өз мәресіне жетіп, колледжіміз қала бойынша жоғары нәтижелерге қол жеткізді!

Жарыс барысында колледжіміздің мамандары мен өндірістік оқыту шеберлері өздерінің жоғары кәсіби шеберліктерін дәлелдеп, үздік тәжірибе мен білімді көрсете білді.

Колледж ұжымы мен қатысқан студенттерге алғыс білдіреміз! Бұл – ұжымдық еңбектің, үздіксіз ізденістің және сапалы білім берудің айқын көрінісі.

Жаңа белестерге бірге жетеміз!