Перейти к содержимому

2025 жылғы WorldSkills Shymkent кәсіби шеберлік чемпионаты

🏁 WorldSkills Shymkent-2025 чемпионаты сәтті аяқталды!
🎉 Индустриалды-техникалық колледжі үшін бұл чемпионат – үлкен жетістік пен мақтаныш кезеңі болды.
2025 жылғы WorldSkills Shymkent кәсіби шеберлік чемпионаты өз мәресіне жетіп, колледжіміз қала бойынша жоғары нәтижелерге қол жеткізді!
🔧 Жарыс барысында колледжіміздің мамандары мен өндірістік оқыту шеберлері өздерінің жоғары кәсіби шеберліктерін дәлелдеп, үздік тәжірибе мен білімді көрсете білді.
👏 Колледж ұжымы мен қатысқан студенттерге алғыс білдіреміз! Бұл – ұжымдық еңбектің, үздіксіз ізденістің және сапалы білім берудің айқын көрінісі.
🚀 Жаңа белестерге бірге жетеміз!