«ЗАҢДЫ БІЛУ — ЗАМАН ТАЛАБЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ
«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған тағылымды кездесу өтті. Іс-шараның басты мақсаты – қоғамда заңға құрмет пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру, құқық бұзушылықтың алдын алу және жас ұрпаққа дұрыс бағыт-бағдар беру.
Кездесуге Шымкент қаласы Еңбекші ауданының бөлім аға прокуроры Алма Нұрмағанбетқызы Сатқанбаева, Шымкент қаласы Полиция департаменті Абай АПБ Жергілікті полиция қызметі бөлімінің Отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімшесінің аға инспекторы, полиция майоры Гульвира Төлепбергенқызы Бектемисова және «Jaidarman TOP 2025» жоғары лигасының чемпионы, «Ақбұлақ» жайдарман командасының мүшесі Досан Бейбітшілұлы Әбу қатысты.
Кездесу барысында заң мен тәртіп, құқықтық мәдениет, жастар тәрбиесі, қоғамдағы жауапкершілік, отбасы құндылықтары және құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері кеңінен талқыланды. Спикерлер қатысушылармен еркін пікір алмасып, өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, заңды білу – әр азаматтың міндеті екенін атап өтті.
